Халық саны көбейеді – Елбасы Н.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін барша қазақстандықтарға жолдады. Өз басым Үндеуді ерекше ықыласпен тыңдадым. Себебі, қазіргі таңда жастардың баспаналы болуы өте маңызды екенін бәріміз білеміз. Елбасымыздың «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында несие өлшемінің мөлшерлемесі 7 пайыз болса, көптеген қазақстандық жас отбасыға баспаналы болу мүмкіндігі ашылуда. Оған себеп, «7 – 20 – 25» бағдарламасы. Арамызда пәтер жалдап жатқан отбасылар бар. Бірігіп отырып бағдарламаны үлкен қызығушылықпен талдаған болатынбыз. Себебі, армандап жүрген пәтерге «7 – 20 – 25» бағдарламасы жол ашты. Жас-тарымыз отбасылы бола отырып, пәтер жалдайды. Соңғы статистиканы алып қарасақ, елімізде жастардың ажырасуы жоғары деңгейде. «7 – 20 – 25» осындай күрделі мәселені шешіп, жастардың ажырасу деңгейін төмендетіп, халық санын көбейтуге үлкен үлес қосатын бағдарлама. Жалақысы төмен қазақстандықтарға салық жүктемесі 1 пайыз болуы, қосымша 20 мың грант бөлінуі, жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие беруді көбейту жарқын болашағымызға арналады. Сонымен қатар Елбасы «Нұр Отан» партиясы халқымыз үшін айырықша маңызы бар осы шаралардың тиянақты орындалуын бақылауға алады»,-деп нұротандықтарға үлкен міндет қойды. Яғни, біз, бес әлеуметтік бағыттың жүзеге асырылу үшін ардагерлермен қатар зейнеткерлер де үлкен үлес қосамыз.
Орал Исанова,
партия ардагері, Ақсу, Сарқан аудандарының «Құрметтті азаматы».