Латын әліпбиіне көшу — қазақ тілінің жаңа белесі

Жуырда М.Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Ғ.Есжановтың төрағалығымен  «Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің жаңа белесі» атты тақырыпта аудандық практикалық семинар өтті.

Семинарға ауылдық округ әкімдері мен тілге жауапты  мамандары, мекеме басшылары мен оның тілге жауапты мамандары, аудандағы мектептердің директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарлары, жастар орталығы мен спорт жетекшілері, мәдениет мекемелерінің директорлары мен кітапханашылар қатысты (барлығы 182 адам)

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ  «Латын әліпбиінің жаңа емлесі: құрылымы мен мазмұны»  — туралы  Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елубаева Айна Шегеқызы,  жалпыхалықтық сана, Ономастика, ауыл, көше аттарын біріздендіру мәселелері бойынша — Аудандық статистика бөлімінің басшысы Тыштибаев Мұрат Маукенұлы баяндама жасаса,  «Латын әлібиінің ережесі және оның қолданылу тәртібі» туралы Сиқымов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиін оқыту жөніндегі Республикалық семинарынан дәріс алған тіл маманы Нұртөлеу Венера Талғатқызы түсіндіріп өтті. Жаңа Латын әліпбиінің және ономастика  мәселелерінің Арасан ауылдық округінде жүзеге асырылуы жөнінде Арасан ауылдық округінің әкімі-Ғалымжанова Роза Айтжанқызы есеп берді.

Семинар соңында аудан әкімінің орынбасары Ғ.Есжанов ауылдық округ әкімдеріне, мекеме басшыларына аудандағы  ономастика, «Қазақстан Рес-публикасында Тіл туралы Заңының» орындалуы туралы бір қатар тапсырмалар берді.

            Айна Шегеқызы,

аудандық мәдениет және тілдерді

              дамыту бөлімінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: