Латын әліпбиі тіліміздің тынысын кеңейтеді!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында төл жазуымыздың латын әліпбиіне ауысуының мәні зор, латын әліпбиіне көшу мемлекетімізбен қазақ ұлтының дамуы үшін дер кезінде қабылданған шара, өмір бір орында тұрмайды, уақытпен жарысып күн сайын ғарыштап дамыған технологияның тілі Латын тілі екені бәрімізге белгілі .

Қазіргі таңда әлем елдерінің 85% осы әліпбиді қолданады екен. Бұл дегеніміз жаҺандану, біз әлемге ашық Қазақстан құрамыз десек, әлемді өзімізге жақындатамыз десек әлемдік қауымдастыққа кірігуіміз керек.

Біз 1940 жылдан бері кириллицаны пайдаланып келеміз, бүгінде кеңес үкіметінің құрамында болған мемлекеттер кириллицадан бас тартып, нағыз тәуелсіз ел ретінде өз жазуларын қолдануда, бізде бұл үрдістен қалыспай әліпбиімізді жаңартуымыз ел тарихы үшін, келешек ұрпақ үшін үлкен қадам. Басты мұратымыз «Мәңгілік елге» айналу жолында аянбай еңбек етіп, нұрлы болашаққа бірге жетейік.

Д.Есенов,

«Орталық» БПҰ төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: