Латын әліпбиі — өркениеттің жолы

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның латынға көшуі жайлы жоспарына тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл заман талабынан туған шешім екеніне тоқталған Елбасы: «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.

2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен шығара бастауға тиіспіз» деген еді. Содан бері төрт жылдан асса да бұл мақала өз құндылығын жоғалтқан емес. Қайта керісінше жыл өткен сайын күшіне еніп, халықтан қолдау табуда. Біз де Нұрсұлтан Әбішұлының бұл ойын қолдаймыз. Содан бері ақпарат беттерінде кеңінен насихатталып келе жатқан бұл

ұсынысты Елбасы сонау 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеп, сол кезден бастап тамырын тереңге тартқан дұрыс жол болатын. Иә, Мемлекеттік тілді латынға көшіру жөніндегі  жобасы бойынша көптеген  жұмыстар  атқарылды және атқарылады да. Қарашілік ауылдық кітапханасы Қарашілік орта мектебімен

және Тоқтаров атындағы орта мектебімен бірлесе отырып, оқушылармен және ауыл тұрғындарымен ауқымды жұмыстар жасады. «Латын әліпбиі — өркениеттің жолы» тақырыбында танымдық сағаттар өтті. Бұл жұмыстар жалғаса береді. С.МҰЗДЫБАЕВА, Қарашілік ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: