Ұлағатты ұрпаққа рухани азық

Тұңғыш Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» атты  мақаласы аясында Халық  ағарту  саласында ұзақ жыл еңбек етіп, барлық саналы ғұмырын жана дүниені жасаушы және соны қорғаушы буын өкілдерін  тәрбиелеу жолында еңбек  еткен М.Еркінбековтың өміріне арналған «Ұлағатты  ұрпаққа рухани азық» атты  онлайн тарихи сағат өткізілді. Ақсу аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Енбек ауылының тұрғыны, Ақсу ауданының айтыскер ақыны, Мәкейтанушы Атамбаев Бекболат Қапашұлы зерттеу деректері мен архив құжаттары бойынша өмір жолымен  білімнің алып тұлғасы,  жетімдерге пана болған, халқына қамқор болған Мәкейдің жазып кеткен шежіресіне сүйене отырып басына қоршау қалай орнатылғаны жайлы мағлұматтар берді. Еңбек ауылында қараусыз жатқан зираты қоршалып, басына ескерткіш белгі қойылып, ашылу салта

наты болғаны, сөйтіп, ағарту саласына мол еңбегі сіңген, 70 жылдай аты  ескерілмей келген, Ақсудың арда азаматы Мәкей Еркінбековты рухани жаңғыртып, түлетуге жол салынғаны баршаға аян. М.Еркінбековтың ұлағатты ұстаздық жолы,  өмірі  болашақ ұрпаққа үлгі болатын таусылмас

тәжірибе. Саналы да, ақылды, парасатты, ұлтжанды, рухы биік ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, данышпан бабаларымыздың өсиет – өнегесін, ақыл — ойын, тәжірибесін  дәріптеу парыз. Б.АБДЫРАХМАНОВА, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі

Мәліметпен бөлісу: