Квазимемлекеттік сектор қызметінің мониторингі аяқталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жоспар — кестесіне сәйкес, Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарына тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғаларға қатысты мониторинг жүргізді.

Аталған мониторингте 8 квазимемлекеттік сектор субъектылары қамтылып,  олардың қызмет түрлерінің заң талаптарына сәйкестігі тексерілді.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектыларын құру сондай-ақ, жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады және атқаратын қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2015 жылғы №1095 Қаулысына сәйкес келуі тиіс.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша тиісті қорытындылар дайындалып, квазимемлекеттік сектор субъектларының мекен-жайына жолданды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын-алу және жою мақсатында, аталған мониторинг алдағы уақытта да жоспар-кестеге сәйкес жүргізілетін болады.

Мәліметпен бөлісу: