«Қазір барлығымыз ауыр жағдайды басымыздан кешіріп жатырмыз. Егер біз инфекциядан өзіміз сақтанбасақ, онда ауруды кез — келген адам жұқтырып алады.

Қазіргі таңда әлемді дүрліктіріп отырған тәжвирус індетін жұқтырушылар саны күннен күнге өсім алып келеді. Пандемияның атауы жөнінде көбіміз бұрынсоңды естімедік. Бірақ бұл әлемге қауіп төндірген сәтте ғана өткенге көз жүгіртіп, бұған дейін де коронавирус ауруы болғанынан хабардар болдық. Сонымен тәжді вирус деген не? Оның қандай түрлері бар? Адам ағзасын қандай өзгерістерге ұшыратады? Бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көреміз. Коронавирус – бұл тез көбейетін вирустардың үлкен тобы. Ол адам бойында бірқатар ауруларды тудыруы мүмкін. Жалпы суықтан ауыр өткір респираторлық синдромға дейін (SARS), сондайақ, ас қорыту жүйесінің қабынуына әкеледі. Жұқпалы ауру бір тізбекті РНҚ молекуласы (рибонуклеин қышқылы) бар сфералық микробтар деп те сипатталады. Олар сирек кездесетін немесе қабыршақтары бар патша тәжіне ұқсайды. Сол себептен ғалымдар індетті тәжвирус деп атай салған. Алғашқы коронавирус 1965 жылы жедел риниті бар адамдардан бөлініп алынды. Бұдан кейінгі ондаған жылдар бойы вирус медицинаның сөздігінен жоғалып, тек 2002 жылы ғана Қытайда «SARS-Co» терминімен эпидемия ретінде пайда болды. Ақ халаттыларды күтпеген тосын сыйымен таңғалдырған коронавирус көрші елдерге жылдам тарап кетті. Нәтижесінде 8000-нан астам науқас тіркеліп, 775 адам қайтыс болды. Індет еңсерілгеннен кейін 2015 жылы Таяу Шығыстағы Оңтүстік Кореяда респираторлық синдромның дамуына себеп болатын қытайлық MERS-CoV коронавирусының белгілері қайта толқу алып, әлемді тағы бір мәрте үрейлендірді. Тәжді вирус 183 адамға әсер етіп, 33 науқас өлімімен аяқталды. Себебі, коронавирустар жасушаға еніп, цитоплазмада көбейеді (жасушаның жартылай сұйық құрамында). Олар иммунокомпетентті жасушаларға жайғасып алып, оны көлік құралы ретінде пайдаланады. Осылайша денеге тез тарала алады. Бұрын кездеспеген кедергіні еңсеруге бар күшін жұмсап, әлсіреген иммундық жүйе инфекцияны тануды және онымен күресуді тоқтатады. Алайда бұл вирустар 56 градус температурада жойылатыны белгілі. Коронавирус тыныс алу жүйесіне айтарлықтай зақым келтіреді. Оның әсерінен пайда болатын SARS әдетте бірнеше күнге созылып, толық қалпына келуімен бітеді Алайда кейбір жағдайда ол SARS немесе ауыр жедел респираторлық синдром (SARS) түрінде дамуы мүмкін. Бұл патология өлімнің жоғары деңгейімен сипатталады (38%). Ауру асқынғанда науқас ауа жетпегендіктен жан тапсырады. Коронавирус індеті жылдың кез келген мезгілінде көбейе алады. Әсіресе қыс пен көктемнің алғашқы айларында шарықтау шыңына жетеді. Ересектер балаларға қарағанда 5-7 есе көбірек ауырады. Инфекция ауа тамшыларымен, түшкіру және жөтел кезінде таралады. Оның кәдімгі тұмаудың клиникалық көрінісі бар адамдар мен індеттен қайтыс болған мәйіттен де жұғу көрсеткіші жоғары. Қазіргі таңда коронавирус тұқымдасының 30-дан астам түрі белгілі. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді. Бірақ оның төрт түрі ғана адамдар ағзасында жедел респираторлық инфекция тудырады: 229E, OC43, NL63, HKUI есімді вирустар көбінесе жеңіл немесе орташа ауырлықтағы жоғарғы тыныс жолдарын зақымдап, сирек жағдайларда төменгі тыныс жолдарының инфекцияларымен бірге жүреді.
2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытай билігі Уханьде белгісіз туберкулездің басталғаны туралы хабарлады. Оның алғашқы себебі ретінде теңіз өнімдері аталды. Сарапшылар бұны жоғарыда айтылған коронавирустың ізбасары, яғни аурудың жаңа түрі – 2019-nCoV екенін анықтаған. Коронавирустың берілу механизмі әртүрлі болғанымен, ғалымдардың көбісі бастысы ауа арқылы көз, мұрын, құлақ арқылы сау адамға көшеді деген тұжырымға тоқталды. Сондай-ақ науқаспен қарым-қатынас кезінде немесе қол алысқанда, есік тұтқасы мен қоғамдық орындарда жұқтыруы мүмкін. Бұл қиындық бойынша ғаламның әр түкпіріндегі мықты дәрігер-ғалымдар қажырлы еңбек етіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығы да қолдан келген шараларды іске асыруда Жүктілік кезеңде иммундық жүйе төмен болғандықтан, коронавирус инфекциясы жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Өйткені бұл ғана емес, олар басқа да инфекцияны жұқтырып алуы да мүмкін. Жүкті әйелдерді және ана болуды жоспарлап жүрген қыз-келіншектерді қорқытқым келмейді. Дегенмен өте абай болғандары жөн. Басқа мемлекеттерде Еуропа, көрші Ресейде коронавирус кезінде жүкті болғандарға арнайы мағлұматтар берілуде. Яғни, ол жерде егер жүкті әйел коронавирус жұқтырса онда өлім көрсеткіші жоғары болады деген ескертулер бар. Бұл, әрине, ағзаның вирусқа қалай төтеп беруіне және дәрі-дәрмекті қаншалықты көтере алуына байланысты. Өйткені ауруды тек вирусқа қарсы дәрілермен ғана жеңуге болатыны айдан анық. Ал ондай препараттарды біз жүкті әйелдерге қолданбаймыз. Сондай-ақ, жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырып алған жағдайда, онда басқа да асқынулар пайда болуы мүмкін. Жәй адаммен салыстырғанда жүкті әйелге ауру екі есе күшті беріледі. Тыныс алу жолдары бекітіліп, қан кетеді және ішіндегі сәби өліп кетуі мүмкін. «Қытайда вирус кезінде 140 жүкті әйелден коронавирус анықталған болатын. Оның 8 пайызы орташа жағдайда, ал 1 пайызы ауыр жағдайда болды. Көз жұмған болмады. Дәрігерлер кейіннен тексере келе коронавирустың анадан балаға берілмейтінін анықтады. Алайда бұл жаңа вирус. Оны енді ғана зерттеп жатыр. Ал енді қонаққа бармаңыз деп айтқым келеді. Қайта өздерінің және баласының денсаулығына мұқият болғандарының арқасында біздің болашақ аналарымыз коронавирустан аман. Денсаулықтарының жақсы болғанын да тілеймін. Ал бала көтеруді жоспарлап жүрген қызкеліншектер болса, оларға да осы кеңесті айтқым келеді». Алдын алу шаралары Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді: — қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу; — адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау; — сырқат адамдарға жақындамау; — суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет. Коронавирус 8-10 сағатқа дейін қағаз бетінде, ағашта, матада сақталады, Ал оданда көп шыныда, пластикте, металда, лакталған ағашта сақталады екен. Құрметті қалайық әр-бәр адам өз денсаулығына өзі кепіл. Біз сіздер үшін жұмыстамыз. Ал, Сіздер біз үшін үйде болыңыздар! Назиля ТӨЛЕУБОЛАТОВА, аудандық инфекционист.