Елбасы өткен жылы аграрлық секторды жедел дамыту міндетін жүктеді. Осыған байланысты ҚР Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірледі. Бағдарламаға сәйкес алдағы бес жылдың ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өндеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуы тиіс екендігі айтылған болатын.
Дегенмен ауылды жерлерде тұрғындар бұл бастаманы әлі толықтай түсіне қойған жоқ. Көбісі кеңес кезеңіндегі савхоз түсінігінен шыға алмай отыр. Коопаративке қосылсақ малды жерді қосамыз соңында кұр алақан қаламыз деген қорқыныштарыда жоқ емес.
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде ел ішіне толықтай түсінбестікті жою мақсатында үгіт насихат жұмыстары жүргізілдді.
Сонымен «Атамекен ұлттық палатасы» Ақсу аудандық бөлімшесінің директоры Руслан Несіпбайұлы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сағит Бекболатов бастаған топ Арасан ауылына ат басын тіредік. Былтырғы жылы Суықсай ауылында сүт бағытында құрылғын «Баққон» шаруа қожалығының жетекшісі Шыңғыс жеке шаруаларға мемлекеттің жасап отырған көмектерін толықтай айтып түсіндірді. Казіргі уақытта аталмыш коопаративте 54 мүше тіркеліпті. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ауыл тұрғындарының тағыда бір кооператив құруға ынталарының бар екенін аңғардық.
Кооперативтің артықшылы көп,-дейді «Баққон» кооперативінің жетекшісі Шыңғыс. — Біріншіден, техника сатып алған кезде жеңілдік жасалады. Бірігіп, техникасы мен малы көбейген кооператив мүшелеріне басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Алайда, проблемалар да аз емес көрінеді. Құжаттар дайындау, кепілдемеге қойған затыңды кері қайтарып алуда «әттегенайлар» жетерлік. Десекте, ауданда құрылған 5 кооператив мүшелерінің ынтымақтаса жұмыс істеуі нәтижесін берері анық дейді.
Жиын келесі күні Ақсу, Көкжайдақ елді мекендерінде жалғасын тапты. онда облыстық Мәслихаттың депутаты Р.Нығметбекқызы Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы жолдауын жеткізсе, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Құрманғалиева атаулы әлеуметтік көмек туралы баяндама жасады.
Негізгі тақырып кооператив құру туралы болғандықтан жоғардағы аталған мекеме басшылары коперативтің тимділігімен қатар «Алтын асық» «Құлан», «Сыбаға» бағдарламары жайындада кеңінен әңгіме өрбітті. Ауыл тұрғындары тың бастаманы қолдайтындықтарын білдірді. Жәнеде тақырып аясында қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауапттар берілді.
К. Мәзет.