Конституциялық сот – әділетті Қазақстанның айнасы

Өзін демократиялық қоғам санайтын әр мемлекеттің басты міндеті – заң үстемдігін орнату, ел азаматтары құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Азаматтық қоғамды қалыптастыруды басты бағыт етіп ұстанған Қазақстан да соңғы жылдары құқық жүйесін жақсарту мақсатында бірқатар реформаны қолға алды. Соның бірі ретінде Конституциялық соттың қайтақұрылуын атап өтуге болады.

Жалпы егемендік алған алғашқы жылдары, яғни 1993 — 1995 жылдар аралығында елімізде мұндай орган жұмыс істеді. Кейіннен оның ор­нын Конституциялық кеңес басқан болатын. Алайда ел президентінің құқық саласы­на жасаған реформалары нәтижесінде аталған кеңес жойылып, Конституциялық сот қайта құрылды.

Ендеше, жаңадан құрылған Конституциялық соттың жұмыс істеу механизмі қандай? Оның басты ерекшелігі неде, мақсат-міндеттері қандай? Соттың құрамына кімдер кіреді? Соны­мен бірге Конституциялық сотқа кім және қалай шағымдана ала­ды?

Қазіргі таңда әлемнің 70 — тен астам елінде Конституциялық сот бар. Атап айтсақ, Еуро­па, Латын Америкасы және ТМД елдерінде кең таралған. Оған кезкелген адам өз сауа­лын жолдап, жауап ала алады. Ал бізде бұған дейін жұмыс істеген Конституциялық кеңес азаматтардың шағымдарын қабылдай алмайтын еді. Сондықтан да Мемлекет бас­шысы Ата заң ережелерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін елімізде де Конституциялық сот жұмыс істеуі керек деп есептейді.

Елімізде былтырғы 5 — мау­сымда өткен жалпы халықтық референдумда Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Конституциялық соттың құрылуы да сол кездегі түзетулердің бір бөлігі бол­ды. Кейінөткенжылдың 5 қарашасында Мемлекет бас­шысы Конституциялық сот ту­ралы заңға қол қойды.

Аталған заң жобасы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 67 баптан тұрады. Оны мазмұны бойынша екі бөлімге бөлуге болады. Біріншісі – Конституциялық соттың және оның судьяларының мәртебесі, олардың кепілдіктер мен қамтамасыз етілуі. Ал екінші бөлім конституциялық іс жүргізу тәртібіне арналып отыр.

Конституциялық сот – еліміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган. Ол биліктің сот тармағына жатпай­ды, өйткені бұл мәселе Консти­туцияда түпкілікті шешілген. Заңда Конституциялық соттың судьяларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату тәртібіне байланысты мәселелер егжей-тегжейлі көрсетілген. Сонымен қоса олардың тәуелсіздігі мен кепілдіктері де бекітілген. Конституциялық соттың құрамына тоқталсақ, оның төрағасы мен орынбаса­рын қоса алғанда, 11 судья­дан тұрады. Конституциялық соттың төрағасын лауазымға ҚР Президенті ҚР Парламенті Сенатының келісімімент ағайындайды. Ал Конституциялық сот төрағасының орынбаса­рын Конституциялық сот төрағасының ұсынуымен Конституциялық сот судьяларының арасынан Мем­лекет басшысы тағайындайды. Конституциялық соттың төрт судьясын ҚР Президенті лауазымға тағайындайды, Конституциялық Соттың үш – үш судьясын ҚР Парламенті Палаталары төрағаларының ұсынуымен ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды.

Бүгінде Конституциялық соттың төрағасы мен орынбаса­ры, сонымен бірге судьяларының кім екені белгілі болды. Олардың көпшілігі өткен жылдың соңында тағайындалып, ант қабылдады. Тағайындалған судьялардың барлығы биылғы 1 қаңтардан ба­стап жұмысқа кірісті.

Жалпы Конституциялық соттың құзыретіне сайлауды өткізудің дұрыстығы мен Пар­ламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай — ақ, Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру құзыреті кіреді. Сонымен бірге Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бой­ынша олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Сондай — ақ Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілген.

Біз жоғарыда атап өткендей, Конституциялық соттың ба­сты ерекшелігі – азаматтардың өтініштері мен шағымын қабылдауы. Оның өтініштерді қарау тәртібіне тоқталсақ, ол бес кезеңнен тұрады. Олар:

— Конституциялық сот аппаратының өтініштерді алдын ала қарауы;

— конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау;

— отырысқа дайындық кезеңі;

— өтінішті қарау бойынша оты­рыс өткізу;

— соңғы кезең – өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылдау.

Енді Конституциялық сотқа жүгінетін азаматтарға қойылатын талаптарға назар аударайық. «ҚР Конституциялық соты тура­лы» Заңында көрсетілгендей, біріншіден, азаматтар нақты құқықтық — нормативтік актілер бойынша сот органдарына бұған дейін жүгінген болуы тиіс, яғни апелляциялық деңгейге жет­кен, сот шешімі шығарылған болуы керек. Егер қарауға кел­ген іс бойынша Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы болып, алайда олардың басқа сот ор­гандарына жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда азаматтар Конституциялық сотқа тікелей жүгіне алады. Талап етілетін құжаттар «ҚР Конституциялық соты туралы» Заңында жазылған.

Жалпы Конституциялық сотқа жүгінген азаматтың шағымы түскен күннен бастап 3 ай ішінде қаралатын болады. Ал­дымен сот аппараты азаматтың құжаттары мен оның келіспеген шешімін тексеріп, тіркеуге ала­ды. Шағым түскен соң, әрі қарай Конституциялық соттың аппа­раты тиісті тексеріс жүргізеді. Шағым тіркелген жағдайда істі алдын ала қарау белігіленетін болады.

Сонымен бірге, Конституциялық Соттың судья­лары өз міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Олардың қызметіне қандай да болсын араласуға, сондай — ақ оларға қандай да бір нысанда қысым жасауға не­месе өзге де ықпал етуге жол берілмейді және бұл заң бойын­ша жауаптылыққа алып келеді.

Конституциялық Соттың су­дьялары конституциялық іс жүргізу мәселелері бойынша есеп бермейді. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мәселелері бой­ынша олардан есеп талап етуге ешкім құқылы емес.

Конституциялық Соттың су­дьяларына, Конституциялық Соттың отырысынан басқа кез­де, Конституциялық Соттың қарауының нысанасы болып та­былатын мәселелер бойынша пікір білдіруге немесе материал­дар мазмұнын жария етуге тый­ым салынады.

Конституциялық Соттың судья­лары өкілеттік мерзімі ішінде ау­ыстырылмайды. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттігі осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда ғана тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.

Конституциялық Соттың су­дьясы, егер Конституциялық Соттың қарауындағы мәселеге Конституциялық Сот судья­сы жеке, тікелей немесе жа­нама түрде мүдделі деп есептеуге негіз беретін мән — жайлар болған жағдайда бас тартатынын мәлімдеуге міндетті, мұны Конституциялық Сот қанағаттандыруы тиіс.

Конституциялық Соттың су­дьясы, сотта немесе өзге де мемлекеттік органдарда заңды өкілдіктен басқа, қорғауды не­месе өкілдікті жүзеге асыруға құқылы емес.

«ҚР Конституциялық соты ту­ралы» Заңының 23 — бабында Конституциялық Соттың құзыреті келесідей көрсетілген:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72 — бабы 1 — тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық Сот дау туған жағдайда:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнің сайлауын;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын;

3) республикалық референ­думды өткізудің дұрыстығы тура­лы мәселенi шешедi.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72 — бабы 1 — тармағының 2), 2 — 1) және 3) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот:

1) Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған заңдардың;

2) Қазақстан Республикасының Парламенті және оның Палата­лары қабылдаған қаулылардың;

3) ратификацияланғанға дейін Қазақстан Республика­сы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.

3. Қазақстан Республика­сы Конституциясының 72 — бабы 1 — тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес Конституциялық Сот:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары­на ресми түсiндiрме;

2) тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымы­нан мерзiмiнен бұрын боса­ту туралы шешiм, Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн – белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi.

4. Конституциялық Сот:

1) Қазақстан Республика­сы Конституциясының 53 — бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын жинақтап қорыту нәтижелерi бойын­ша жыл сайын Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай – күйі туралы жолдау жiбередi;

2) Қазақстан Республика­сы Конституциясының 72 — бабының 2 — тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 — бабының 10 — 1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Ре­спубликасы Президентінің жолданымдарын, сондай — ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 78 — ба­бында көзделген жағдайларда соттардың жолданымдарын қарайды;

3) Қазақстан Республи­касы Конституциясының 72 — бабының 3 — тармағына сәйкес азаматтардың жолда­нымдары бойынша Қазақстан Республикасының Конститу­циясында бекітілген олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституци­ясына сәйкестігін қарайды;

4) Қазақстан Республика­сы Конституциясының 72 — бабының 4 — тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жолданымда­рын қарайды;

5) Қазақстан Республика­сы Конституциясының 72 — бабының 5 — тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жолданымдарын қарайды.

5. Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге себеп болған нақты мән – жайларға баға бермейді.

Сонымен қатар Конституциялық Сот:

1) құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдардан, ұйымдардан құжаттарды, материалдар мен өзге де ақпаратты сұратуға және алуға, сондай — ақ белгіленген тәртіппен сарапшыларды (ма­мандарды) сараптамалық және ғылыми – консультациялық жұмысқа тартуға құқылы (егер Конституциялық Сот өзге мерзімді көрсетпесе, мұндай сұрау салулар бойынша қажетті құжаттар мен өзге де ақпарат он бес жұмыс күні ішінде берілуге тиіс);

2) осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Конституциялық іс жүргізу Қазақстан Республикасы Конституциясы-ның үстемдігі қағидаты негізінде жүзеге асы­рылады.

Конституциялық Сот жолданымның мән – жайла­рын жан — жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.

Конституциялық Соттың өкілеттіктерін жүзеге асыру алқалы түрде жүргізіледі.

Жолданымдарды Конституциялық Сотта қарауашық болып табы­лады. Жабық отырысқа мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүддесінде Конституциялық Соттың қаулысы мен жол беріледі.

Конституциялық іс жүргізу қатысушыларының тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады, олар өз пози­циясын қорғау бойынша тең құқықтар мен мүмкіндіктерді пайдаланады.

Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары мен қорытындылары қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті бо­лып табылады және шағым жасалуға жатпайды. Өзге шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Сот айқындайды, ал шешімдері тікелей қолданылады және басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың растауын талап етпейді. Конституциялық Соттың құқықтық актіні немесе оның же­келеген ережелерін Қазақстан Республикасының Конститу­циясына сәйкес келмейді деп тану туралы шешімінің заңдық күшін дәл осындай мазмұндағы осы актіні қайтадан қабылдау арқылы еңсеруге болмайды.

Н.ШАЙМЕРДЕНОВ,

аудандық соттың төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: