КЕЗЕКТІ ТАБЫС!

Қазақстандық белгілі гір та­сын көтеруші біздің даңқты жерлесіміз Машаев Елубай Мизамұлы кезекті әлем чемпио­натына қатысып жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Бірінші орын алған үнділік спортшыға бір ұпай айырмашылығымен есе жіберіп алды. Дегенмен бұлда әлем бойынша үлкен көрсеткіш. Бұйыртса алда әліде талай жа­рыстар болып қалар. Соған үміт артып,барымызға шүкіршілік дейік бауырлар. Елубай бауы­рымыз бұрындада талай ір — ірі додаларда жеңіп алтыннан алқа тағынып еліміздің мерейін асы­рып еді.

Ол екі дүркін әлем чемпионы бірнеше мәрте әлем рекорд­шысы атанды. Жерлесіміздің аты атақты Гиннес Рекордтар кітабына енді. Басқа жарыстар­дан бәйгелері бір бөлек,ауыз толтырып айталық. Елубай өте еңбекқор жан,жеңістердің барлығы сол тынымсыз тер төгумен келгені анық. Әрдайын жоғары спорттық бапта жүруді өзіне мақсат етіп қойған. Тіпті, жаттығып жүргенін спорт залда­рынан жиі көруге болады.

Ата — анасы кезінде тұтынушылар қоғамында басшылық қызметте болды. Туған бауырларыда спорт­пен егене жақын болып өсті. Қазіргі кезде олардың дерлік көбі әртүрлі спорт турлеріне жаттықтырушылық қызметтерін атқарып жүр. Барлығында Ақсу топырағында туып,осы жерден қанаттарын қатайтып түлеген.

Енді, әңгіме соңында, Елу­бай жерлесімізге кезекті жеңістер тілейік. Ақсу елінің атын асқақтатып, абырой­ын арттыра берсін. Осындай атақты спортшы жерлесімізге басшылар,халық тарапынан тиісті сый — құрмет,марапат уйымдастырылып,жеке тұрмыстық жағдайына бай­ланыста қажет — мұқтажына қарайласып көңіл бөлсе екен.

СУРЕТТЕ: Әлемнің екі дүркін чемпионы Е.Машаев.

Қ.ҚҰСАЙЫНҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: