Кез келген даму жағдайында қазақстанның саяси егемендігі сақталуы тиіс

Біз әлемдік қоғамдастықтың өзара құрмет пен сенім қағидаттарына, халықаралық шиеленістерді шешуде күш қолдану тәсілдерінен бас тартуына күш салуымыз керек.

Ұлттық мүдделердің басымдығын мойындай отырып, сыртқы саясат саласындағы көпвекторлы көзқарас пен прагматизмді қолдаймыз.

Қазақстан мүшесі болып табылатын интеграциялық бірлестіктер экономикалық ынтымақтастық шеңберінен шықпауы керек. Республиканың саяси егемендігі кез келген даму жағдайында толық сақталуы тиіс.

Қазақстанның интеграциялық бірлестіктерге кіруі туралы шешім халықтың республикалық референдумда білдірілген ерік-жігері негізінде қабылдануы қажет.

Мәліметпен бөлісу: