КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ

Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні Жансүгіров ауылдық округі әкімшілігінде шаруа қожалықтармен ауылшаруашылық дақылдарын себу жинау бағасын келісіп бекіту жөнінде жиналыс өтті. Басқосу барысында Жансүгіров ауылдық округі бойынша ауылшаруашылық дақылдарын себу жинау жұмыстарының бағасы бекітілді.

Жиналысқа Жансүгіров ауылдық округінің әкімі Б.Шарипов, мамандары,  аудандағы ірі шаруа қожалық басшылары Ж.Қылышбеков, А.Тыналиев, Д.Биядилов, С.Даутов және басқа да шаруа қожалық басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Р.Турсынов, Аудандық мәслихат хатшысы Б.Сүлейменов, депутат Т.Жуанышев қатысты.

Округ әкімі Б.Шарипов шаруа қожалықтарға ауылшаруашылық дақылын себу, жинау техникалық құралдармен жұмысы бағасын көтермеуді сұрап, шаруа қожалықтарға дақылдарды ауылшаруашылық техникалары мен жұмысы бағасын ұсынып, бір ауыздан келісіп, бекітіп,  хаттама толтырылды.

Жиналыста бекітілген баға:

  1. Жер жырту барлық трактор түрі – 5000 теңге.
  2. Егістікке шанышпалы тырма салу (Баронование) -2000 теңге.
  3. Жерді тегістеп малалау – 3000 теңге.
  4. Гербицид шашу (ОВТ) — 3000 теңге.
  5. Май бұршақ себу (сеялка) — 3000 теңге.

Қант қызылшасын себу (сеялка)  – 8000 теңге.

  1. Қант қызылшасы арасын қопсыту (шаровка) — 5000 теңге.

Май бұршақ арасын қопсыту (Культиватор) – 3000 теңге.

  1. Суару май бұршақ, басқа да дақылдар 1 гектар – 4000 теңге.
  2. Арық тарту 1 гектар жерге – 1000 теңге.
  3. Комбайнмен дәнді дақыл шабу 1 гектар – 7000 теңге.

Комбайнмен май бұршақ шабу 1 гектар – 15000 теңге.

Қант қызылшасын комбайнмен жинау – 70 000 теңге.

  1. Жоңышқа, шөп шабу, жаткамен немесе басқада шетелдік шалғымен (герман) – 8000 теңге.

Бір жақты шалғымен шабу (однобрусная косилка) — 5000 теңге.

Шөп тырмалау – 3000 теңге.

  1. Шөп престеу 1 тюк – 70 теңге.

Шөп рулондау 1 дана  – 700 теңге.

 

Жансүгіров ауылдық әкімшілігі.

Мәліметпен бөлісу: