
Халық даналығы кез келген жағдайда қолданылады. Қосымша құн салығы мөлшерлемесі бойынша шешім де келісіліп шешілуі тиіс.
Үкімет міндеті айқын, бюджет тапшылығын шешуі керек. Алайда, біз бизнесті дамытуға, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілетіне де кедергі келтірмеуіміз керек. Үкімет барлық тараптың пікірін тыңдап, ортақ шешім шығаруы қажет. Осы жөнінде бүгін Ел Президенті бизнес қауымдастықпен өткен кездесуде ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы Үкіметке ҚҚС мөлшерлемесінің мөлшері туралы шешім қабылдаған кезде мүдделі тараптардың – бизнес өкілдерінің, экономика, қаржы және салық саласындағы сарапшылардың, сондай-ақ депутаттар тұлғасында қарапайым азаматтардың пікірлерін ескеруді тапсырды. Ел болашағы таразыға салынған тұста, халықтың бұл мәселеден қалыс қалуы жарамайды. Сол себепті ойда ортаға салып, дұрыс жолды бірге таңдайық.
Ерасыл Амангелді
Ақсу аудандық мәслихат депутаты