Келешекке сеніммен

Бүгін таңмен таласа күллі Қазақстандықтар мемлекет болашағы үшін ең маңызды шешім болып табылатын Президент сайлауына асықты.

Бір айта кетерлігі, аса белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекеме “Ақсу қант” ЖШС болды.

Қазіргі уақытта зауытта жұмыс қызу, қамыс қантын өңдеу үшін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қауырт жұмысқа қарамастан ел ертеңі үшін таңдау жасау барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білетін азаматтар сайлау учаскесіне ұжыммен келген.

Мәліметпен бөлісу: