
Аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Оған округ әкімдері, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ақсақалдар алқасы, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы, округтердегі қоғамдық қауымдастықтардың төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыстың модераторы кеңес төрағасы Ғ.Мұсабаланов болды.
Ойтоған және Қапал ауылдық округтерінің әкімдері В.Берікова мен Ж.Жарылқасын өздерінің құзыреттері мен функцияларын орындалуы туралы және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп берді.
Артынша жергілікті полиция қызметінің басшысы А.Қабаев атқарылған жұмыстар легімен таныстырды.
Аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Жансүгіров ауылдық округінің қауымдастық мүшесі Бағлан Нарышева аудандық Қоғамдық кеңестің келесі отырысы алдында ауылдарды аралап, ауылдағы мәселелерді өзіміз анықтап, осы арада соларды шешудің жолдарын қарастырғанымыз дұрыс. Әйтпесе «Күлтөбенің басында күнде жиын…» Бұдан қандай нәтиже шығар екен? дейтін әңгіме ғана шығады деген ұсынысын айтты.
Жиын соңында қоғамдық кеңес шешімі шығарылып, ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді. Ал, шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия-ларына жүктелді.