КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында тұрғындар денсаулығын сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отыры­сы өтті. Аталмыш жиында ауданның туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайы және аталмыш індетке қарсы қызметтің 2023 жылдың 6 айда атқарылған жұмыстардың қортыныдысы қаралды.

Жиынды аудан әкімінің орын­басары, аудандық туберку­лезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрайымы К.Дәулетбекова ашып, жүргізді.

Ақсу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы С.Айтмурзанов пен туберку­лез бөлмесінің меңгерушісі М.Мадалимова баяндама оқыды.

Жиынға қатысушыларға өткен жылмен биылғы жарты жылдықтың салыстырмалы статистикалық мәліметтері та­ныстырылды.

Мәліметпен бөлісу: