Кәсіпкерлік пен еңбекқорлық Қазақстанды дамытады

«Кәсіпкерлік пен еңбекқорлық Қазақстанды дамытады». Президентіміздің бүгінгі Жолдауындағы осы бір айтылған сөзі еліміздің әр өңіріндегі қолдау күтіп отырған болашақ жас кәсіпкерлерге үлкен демеу болатынына сенімдімін. 100 мың жасқа жаңа жұмыс орындары ашылатындығы жұмыссыз жүрген жастарға үлкен мүмкіндік. Алдағы уақытта жолдауда айтылған бұл саннан да көп жұмыс орындары ашылып, жастардың шетелге емес өз туған жерінде қызмет етіп Қазақстанды жан жақтан дамытады деп ойлаймын. Президент қалаға оқуға келген студент жастарға жатақхана мәселесі алдағы уақытта шешімін табатындығын да атап өтті.

Халық арасында өзекті болып тұрған тіл мәселесі де көтерілді. Әрбір қазақстандық бір тілді ғана емес бірнеше тілді білуі, қазіргі заман талабына айналып отыр. Сондай-ақ, Президентіміз мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа жас кадрларды дайындап болашақ жас мемлекеттік қызметкерлерге мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті. Президентіміздің Жолдауын тыңдап, ел болашағындағы жаңа қадамдар мен өзгерістер болатыныдығына еш күмәнім жоқ. Біз әрқайсымыз Президентіміздің осы айтылғандарын орындап, жемқорлықсыз елімізге пайдамыз тиетін адал қазақстандықтардың қатарында болуымыз керек.

Ақнұр Жеңіс,

 Жансүгіров  ауылдық округінің    Жастар ісі-жөніндегі нұсқаушысы, «Орталық» БПҰ мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: