КҮШТІ ПРЕЗИДЕНТ – ДАМЫҒАН ЕЛ

1517208259_zhalau.jpgПрезидент Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мем­лекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы халықтың әл — ауқатын арттыруға, еліміздегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Жаңа экономикалық бағдардың басты басымдықтары: жеке кәсіпкерлік баста­маларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту; бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдеймүмкіндік беру; ұлттық табысты әділ бөлу. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Тіпті жердің құнары, су ресурстары мен суару жүйесі жайлы дұрыс мәлімет жоқтығы және озық технология тапшы екендігіне де айтылды.

Осыған байланысты Жолдауда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін ұлғайту, шаруалардың өзара ұжымдасып ауыл шаруашылығын дамыту, субсидия көлемін арттырып, пилоттық жобаларды қолдау, саланы субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдері мен озық тех­нологияларын пайдалану міндеттері қойылды.Кәсіпкерлікті қолдау шаралары нақты белгіленді.

Бұл – мемлекеттің, ең алдымен, шағын және орта кәсіпорындарға қаржылайқолдау көрсету, кәсіпорындарды қолжетімді несиемен қамтамасыз етумемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесіне көшу. Мұндайжағдайда ең төменгі бағаға емес, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасына байланысты бола­ды. Жолдауда еліміздің басты құндылығы — адам, сондықтанда ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдеймүмкіндік жа­сау реформаның басты мақсаты екендігіне баса назар аударылды. Денсаулық сақтау, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, жоғары оқу орындары, студенттердің жағдайы, ең төменгі жалақы деңгейі, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру, бала күтімі бойынша төлемақы төлеу мерзімін сәби 1,5 жасқа толғанға дейін ұзарту, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың жинақтаушы есеп- шотына аудару, «Самұрық-Қазына» қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылуы алдағы уақытта халықтың әл — ауқатының артуына ықпал ететіндігі белігі.

Осы Жолдауда көрсетілген бес бағдарды жүзеге асыруда әрбір азамат сол жауапкершілікке сайәрекет етсе ел дамуында оң өзгерістер болатындығына сенімдімін.

К.ДӘУЛЕТБЕКОВА,

«АMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі.

Мәліметпен бөлісу: