Мұражай – әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Қазіргі таңда, ерекше орын алып отырған, жастардың қызығушылығын туғызған тарихиөлкетану және көркемөнер мұражайлары. Биылғы оқу жылының басында Абай атындағы орта мектебінің даму жоспарында мектеп ғимаратынан тарихиөлкетану мұражайының ашылуы жоспарланған болатын. Сол жоспардың негізінде, 2019 жылдың 16 мамыр күні мектепте мұражайдың ашылу салтанаты өтті. Бүл күн біздің мектебіміз ғана емес, барлық ауылымыздың тұрғындары да үшін елеулі күн болып отыр. Өйткені, қасиетті Рамазан айында Көкжайдақ ауылындағы мектеп ғимаратының бірінші қабатында, өскелең ұрпаққа рухани азық беретін, «Ауылым — мақтанышым» атты тарихи-мұражай ашылды. Мұражайдың атауы «Ауылым — мақтанышым» деп аталып отырған себебі: біздің Көкжайдақ ауылымыздан шыққан ел ауызында жүрген, құрметке лайықты атақты азаматтарымыз көп. Мысалы, Ұлы Отан сөғысында ерлігімен танылған аталарымыз, бірініңерлері, бірінің-аға-бауырлары, бірінің әпке-қарындастыры майданда болғанда ерен еңбегімен тылда демеу болған тұлғаларымыз бар. Сонымен қатар, атақты айтыскер
ақын Сара Тастанбекқызы, ақынжазушы Қанипа Бұғыбаева, атақты еңбек ардагері Нұрлан Оңалдинов, суретші-зергер Естай Дәубаев және тағы басқа азаматтар осы Көкжайдақ ауылында дүниеге келген. Ал біздің мұражайды ашудағы мақсатымыз: осы ауылда туылып-өскен, мақтан тұтуға лайықты қасиетті тұлғалардың тағылымды өмірі жайлы қысқаша дерек беріп, өскелең ұрпаққа рухани азық бере отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, болашақта біздің мектебіміздің оқушылары, ауылымыздың жастары осы азаматтарға теңелуге тырысып, өздері үшін дұрыс бағдар белгілеуінің, еліктеуінің айшықты үлгісі болатынына қол жеткіземіз деген ойдамыз. Мұражайдың ашылуына байланысты мектепте салтанатты іс-шара өтті жөне ауданнан, ауылдан арнайы қонақтар шақырылды. Бірінші бөлімінде, іс-шараға келген қонақтарға және мұражайда есімдері құрметке лайықты тұлғаларға арнап, үлкен-кіші демей ауылдың талантты ұл-қыздары арнайы дайындалған бағдарлама бойынша ән-шашуы мен тамаша билерін тарту етті. Аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпүлмәлікұлы тарихи мұражайдың өскелең ұрпаққа үлкен рухани серпіліс туғызатынын және мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды
құжатқа айналатынына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ауданымыздағы мектептерде ашылып отырған киелі-жетінші мұражай екендігін атап, салтанатты жиынға қатысып отырған көпшілікке өзінің жақсы тілегін білдірді. Екінші бөлімде, арнайы құрылған бағдарлама бойынша, ашылған мұражайдың салтанатты түрде лентасын қию рәсімі болды. Бұл рәсімді арнайы қонақ болып отырған Бегімбек Сейпілмәлікұлы мен ауылымыздың ақсақалы Нұрғалиев Төлеуғали атамыз жүзеге асырған болса, батаны Касенов Төкен ақсақал берді. Осы қуанышқа арнайы шашуды Шолақөзек ауылынан келген әжелер шашты. Мен, осы мұражайдың негізгі идеясының авторы болғандықтан, ішіндегі орналасқан әрбір бұрыштың құрылымымен қатысушыларды таныстырдым. Өйткені, әрбір фотосуреттің, жазылған мәліметтің, қойылған кітаптардың ерекше мағынасы бар және белгілі бір мақсатты көздейді. Үшінші бөлімде, аулымыздың қуанышы болғандықтан, шақырылған ата-әжелерімізге ұжым мүшелерінің ұйымдастыруымен арнайы дастархан жайылды. Жалпы, мұражайдың ішіндегі мәліметтер екі бағытта жинастырылған: Ауыл тарихы мен Мектеп тарихы. Құнды жәдігерлерді, танымдық фото-суреттерді, аудан, облыс көлемінде кітаптарда басылып шыққан мәліметтерді жинақтауға Абай орта мектебінің ұжымы, ауылымыздың азаматтары атсалысты. Ал, ауылымыздын жеке кәсіпкірі Нүсіпов Кайрат Еренұлы барлығы 465000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетсе, Дәубаев Естай Серікбайұлы 300000нан астам құны бар өзінің және шәкірттерінің жасаған зергерлік әшекей бұйымдарын мұражайға сыйға тартты. Әрине, бұл мұражайдың жұмысы осымен тоқтамай жалғасады. Сырт жерлерде жүрген көптеген жерлестеріміз естіп- білген сәттен өздері құнды мәліметтермен бөлісіп, үлесін қосатынына сенімдіміз. Алдағы уақытта көптеген косымша мәліметтерді жинақтап толықтырамыз. Жылдар өткен сайын өскелең ұрпақ өз ауылының тарихын біліп, туылған жеріне құрметпен қарап, өзінің үлесін тигізеді деген ойдамын. Ал, ауылының мақтанышына айналатын азаматтарымыз көп болса, еліміздің болашагы зор болатынына күмәнім жоқ.
Салима НҮСІПОВА, Абай атындағы орта мектебінің директоры.