Ұйым жұмысы қорытындыланды

Кезектен тыс сайлау кезінде Алматы облысы бойынша төрт құқық бұзушылық анықталды. Оның екеуі ұйымдастқан түрде өткен. Бұл туралы облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев айтты.

Баспасөз мәслихаты барысында алда атқарылатын жұмыс барысы да баяндалды. Сонымен қатар маңызды кезеннің әділ өтуін қамтамасыз еткен. Ұйымның мақсаты сайлау үдерісіне мониторинг жүргізіп, ашықтықты қадағалау. Жалпы бірлестікте штаб бірлестіктермен  қатар, сарапшылар мен жастар да бар.

Айта кетсек, «Аманат» платформасы 15 мамырдан бері 5 басты бағыт бойынша өз жұмысын жүргізді.

«Болашақта платформамыздың үлкен жоспарлары бар. Оның біріншісі әлеумет жағынан үлкен проектіні қолға алмақпыз. Жастарға көмек көрсету, жұмыспен қамту. Бизнес центрлерді ашу сияқты жобалар жүзеге асырылады»,-деді облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев.

Мәліметпен бөлісу: