ӘЙЕЛ – АНА, ӘЙЕЛ – ӨМІР БАСТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ БАЗАРХАНОВ ЕСІМ СЕЙІЛХАНҰЛЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ардақты Аналар, аяулы арулар!

Сіздерді ару көктемнің айшықты мерекесі — 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің шуақты сәті әйел-аналарымыз бен аруларымыздан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Әйел бақыты – жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу деген сөз.

Әйел – ана, әйел – өмір бастауы, әйел – бірлік пен тірліктің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы, отбасының шуағы.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Өйткені, қыздарымыздың қылықты, ұлдарымыздың ұлықты болып өсуі әйел- аналарымыздың тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!

Мәліметпен бөлісу: