Індетке жеңіл — желпі қарауға болмайды

Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет. Осы індеттің елімізге таралуы барлық халықты, сонымен бірге осы халықтың көшбасшысы, ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлын да алаңдатуда.

Осыған байланысты мемлекет басшысы бүгін тағы бір мәлімдемесін жариялап отыр. Қасым – Жомарт Кемелұлы бұл жерде карантин шараларының жеңілдейтіні, мамыр айының басынан бастап, біраз мекемелер жұмысын бастайтыны туралы айтады. Сонда да, күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін – екенін қатаң ескертеді.

Сондықтан мемлекет басшысы әсіресе, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керектігін және біздің болашағымыз кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін екенін айтып, олардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайтынын бізге қатаң тапсырады. Сонымен қатар, карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтылатынымызды айтып отыр. Олай етпесек, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін екені айтпаса да түсінікті. Коронавирусқа жеңіл — желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп алатынымыз шындық.

Сонымен қатар Елбасы «Біз иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу үшін қолда бар мүмкіндіктерімізді толық пайдалануымыз керек.

Вакцина қолжетімді болған кезде Қазақстан шетелдің дәрі-дәрмегін күтіп отырмауы қажет. Дағдарыстан кейін де біз медицинаны дамытуға баса мән береміз – деп, бұл салаға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетілетінін атап айтты. Бұл бізді де, ел тұрғындарын да қуантатын жаңалық екені рас.

Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын – дегені біздің көңілімізді көтеріп тастады. Біз ел үшін еңбек етеміз, сол үшін ант қабылдағанбыз. Еліміз аман болсын! Біз біргеміз!

Динара Үсенова,

аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.

Мәліметпен бөлісу: