Мен ауданымызда құрылған қоғамдық штап мүшесі болып бірінші рет ел тағдырына араласқаныма қуаныштымын. Мен болашақ Президентіміз Кемелұлы Қасым – Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі, 9 маусымда өткен Президенттік сайлауда «Nur Otan» партиясы атынан бақылаушы болып қатынастым. Сайлау жоғары деңгейде дұрыс, заңға, талапқа сай өтті. Нәтижесінде үміткер Қ.Тоқаев халық таңдауымен ел тізгінін ұстады. Біз бір ай бойы жүргізген үгіт – насихат жұмыстарымызда Қ.Кемелұлының Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөнінде мәліметтер көрініс тапқан «Баршаға ортақ игілік! тұғырнамасымен «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын аудан тұрғындарына таныстырып, елеулі үлесімізді қостық. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылғанын нақты айтылған,
Ал бүгін Қ.Тоқаевты ұлықтау салтанаты өтті. Болашақ Елбасымыз халық алдында ант қабылдап, Еліміз үшін адал қызмет ететінін білдірді. Алдағы атқарар еңбектеріне сәттілік тілейміз.
Меруерт Қалиханқызы,
«Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, жас маман.