
Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияға мемлекетіміздің Ата заңы ретінде құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін кеңінен түсіндіру.
Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның қоғамдағы маңызы, оның әрбір азамат өміріндегі рөлі жөнінде жан-жақты ақпарат алып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Рөлдік ойын арқылы жастар нақты өмірлік жағдайларды талқылап, заңды қолдану тетіктерін тәжірибе жүзінде түсінуге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтіліп, жастардың заңға деген құрметін арттыруға ерекше назар аударылды.
Конституция – біздің құқықтарымыздың қорғаны, әділетті қоғамның негізі және жарқын болашақтың кепілі!
