Ғылым мен техниканың ұшқан құстай дамыған осынау бәсекеге толы зымыран замандағы қоғамдық бәсекеге қабілетті жастардың қатары күн санап артып келе жатқандығы барша адамдарды қуанышқа бөлейтіні анық.
Елімізде бүгінгі таңда жастар білім мен ғылымның сан саласында өзіндік үлестерін қосып келе жатқаны хақ. Тура осы бір айтулы сәттің куәсіндей-ақ Елбасымыздың үстіміздегі жылдың қазан айында Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «ХХІ – ғасыр жастар ғасыры»,- деп атап көрсеткен болатын.
Осы бір тың бастамаға сәйкес Жыр құлагеріның ауылына табан тіреп, білім беру саласында өзінің үлестерін қосып жүрген жастарымыздың қатары жыл сайын артып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз.
«Жас келсе іске» деген ата-бабаларымыздың дана сөзіне сай, ауылдың гүлдену мен көркеюі үшін ауылда білімді де іскер жастардың мол болу керектігі белгілі жағдай.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында мектебімізде жоспармен түрлі іс-шаралар өтіп келеді. Осы бір бастама аясында жастармен кездесу өткізу жоспарланған болатын. Жопардың кезекті реті де келіп, біздің 2 сынып оқушылары мен жас мамандар арасында тамаша бір кездесу болып өтті. Айтулы кештің қонақтары Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралыкова П.Ж., мектеп кітапханашысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысхан Т. информатика пәнінің мұғалімі, белгілі ІТ маман Оспанбек Қ.Ж., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дубекова А.Д., мектеп психологі Қуантаева А.С., әлеуметтік педагог Адаева А.Қ.
Кездесу барысында оқушылар түрлі сұрақтар қойып, өз сауалдарының жауабын алды. Келешек жеткіншек ұрпақтар үшін бұл бір мәні мен мағынасы мол кездесу болды деп ойлаймыз.
Сөз соңын қортындылай отыра, Ойтоғанға келген жас мамандарға белгілі ағартушы, Алаш қайраткері Шамай Шынаслов атамыздың тағылымға толы еңбек жолын берсін деген ізгі тілегімізді білдіреміз.
І. Жансүгіров атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жобалаева Д.А.
« Ойтоған » бастауыш партия мүшесі