
Үгіт — насихат жұмыстары жалғасуда. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Б.Керімбек, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы, Жетісу облыстық мәслихатына партиялық тізім бойынша үміткер А.Арын, облыстық мәслихатқа партиялық тізім бойынша үміткер Б.Тынышбаев, облыстық штаб мүшесі Қ.Сансызбаев Қапал, Көшкентал, Қызылағаш ауылдарындағы сайлаушылармен кез- десу өткізді. Дәл осы күні облыстық штаб мүшесі, партия ардагері М.Тлеуберлинов, «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі А.Досмұхамбетов, аудандық штаб төрағасының орын- басары Ғ.Мұсабаланов, Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына бірмандаттық сайлау округі бойынша үміткер Д.Ахмолдаев Суықсай, Ара- сан, Көлтабан, Ақтоған ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулер барысында үміткерлер «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жан — жақты таныстырды. Ұсыныс тілектер жинақталды. Сайлаушылар өз кезегінде ауылшаруашылығын, кәсіпкерлікті дамыту, микронесиелеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, көлік жолдарын жөндеу, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мәселелері, медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, халықты жұмыспен қамту, интернет желісі, әлеуметтік нысандарды құру және басқа да мәселелерді көтерді.