ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АҚСУ ЖЕРІНДЕ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары Ақсу ау­данына жұмыс сапарымен келді. Иә, айтқанымыздай депутаттары. Бір ғана халық қалаулысы емес ҚР Парламенті Сенатының депу­таты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев ҚР Парламенті Сенатының депута­ты, Сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Амангелді Ғабдулкәрімұлы Тола­мисов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қаржы және бюд­жет комитетінің мүшелері Ер­жан Алмабекұлы Бейсенбаев пен Наурыз Саятұлы Сайлау­бай, Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Қожағұлқызы Тойлыбаева келді.

Ел ағалары алдымен Қызылағаш су қоймасына ба­рып, сала мамандарымен жүздесіп, пікірлесті. Жаңадан қайта салынған Қызылағаш су қоймасымен танысты. Суармалы жерлердің алқабын үлкейту, қант қызылшасы алқабтарын ұлғайту алдағы үлкен міндет. Сол себепті бұндай нысандардың маңызы зор.

Сонымен қатар, Парламент Се­наты мен Мәжілісі депутаттары аудандық мәслихат депутаттар­мен кездесіп, жалпы атқарылып жатқан жұмыстар жайын, қабылданған жаңа заңдар туралы ақпаратпен бөлісті.

Келелі жиында аудандық депу­таттар білім, денсаулық сақтау, ирригация, ауылшаруашылығы салалары бойынша сұрақтар көтеріп, аталған мәселелер жайлы ойларымен бөлісті, ел ағалары көтерілген әр мәселені жете зерттеп, барынша қолдау көрсететіндерін жеткізді

Кездесуден соң депутаттар Қ.Сәтбаев атындағы орта мек­теп — гимназиясына барып, білім ордасының жұмысымен танысып, мектептің жай-күйін көріп қайтты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Мәліметпен бөлісу: