Құрметті Аудан тұрғындары!

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ақсу өңірі» газетінің (бұдан ары қарай Газет) меншік иесі – «Ақсу өңірі газеті» ЖШС 2023 жылдың 19 наурызы күні өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында үгіт материал­дарын орналастырудың шарттары, тәртібі және төлем мөлшері ту­ралы хабарландырады.

 

ГАЗЕТТІҢ БАСЫЛЫМ АЛАҢЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

Үгіттік және ақпараттық материалдарды орналастыру үшін басы­лым алаңы төлемінің мөлшері: ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақалалар мен модульдерді ор­наластыру үшін 1 шаршы см. төлемінің мөлшері – 200 теңге, газеттің интернет ресурсындағы (сайт) әрбір сөзіне – 50 теңге.

Төлем газет берген есепшот негізінде мұндай есепшот берілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.

Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген газеттің банктік реквизиттеріне төленеді.

Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА,

«Ақсу өңірі» ЖШС-нің директор – бас редакторы.

Мәліметпен бөлісу: