Мұны бірнеше жолмен жасауға болады. Бүгін +#қысқанұсқа айдарында біз барлық әдістері туралы айтамыз, ал сіз өзіңіз үшін ең ыңғайлысын таңдаңыз.
📌Сонымен:
1️⃣ 1414 нөмірі бойынша.
Қалалық немесе ұялы телефоннан 1414 нөмірін теріп, «3» санын басыңыз (КЕАҚ/ХҚО операторы). Қосылғаннан кейін оператор бронь жасайды.
2️⃣ Электронды үкімет порталы арқылы egov.kz (ЭЦҚ болған жағдайда).
Порталда авторлану, басты беттің оң жақ бұрышындағы «баруды брондау» батырмасын басу, сізге қажет ХҚО-ны таңдау және ЖСН енгізу қажет. Содан кейін қажетті қызметті, бару күні мен уақытты таңдаңыз.
3️⃣ Телеграм-бот EgovKzBot2.0 қосымшасы арқылы ( мобильді азаматтар базасында тіркелген болу қажет).
Іздеу жолағында EgovKzBot2.0 ботын тауып, тізімнен «ХҚО-ға кезекті брондау» пәрменін таңдаңыз. Жүйе сізге мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы ХҚО-ны, аймақты, ауданды және бару мақсатын таңдауды ұсынады. Содан кейін кіру күні мен уақыты көрсетілген терезе пайда болады. Кезектің сәтті брондалғаны туралы SMS-хабарлама келеді.
4️⃣ ВКонтакте және Facebook әлеуметтік желілері арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелген болу қажет).
Таңдалған әлеуметтік желіде портал бетін табыңыз. Egov.kz және «хабарлама жазу»түймесін басыңыз. Содан кейін «Бастау» түймесін басып, негізгі мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» пәрменін таңдаңыз. Көрсетілген нұсқаулықтар бойынша бағыттарды таңдап, кезекті брондаңыз.
📍Ескерте кетейік, кезекке алдын-ала тапсырыс беру күніне бір рет рұқсат етіледі. Егер белсенді бронь бар болса және жаңасын брондау мүмкін болмаса, оны қайта брондау керек.