Достар! Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз және оны алу үшін ХҚК бөліміне жүгіну қажет болса, онда брондаудың келесі 4 тәсілі сізге кезекте тұрмай, қызметті жылдам алуға кемектеседі.
✅ egov.kz
авторлану, «ХҚО кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтыру,
бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мекенжайын және көрсетілетін қызметті таңдау
✅ eGovKzBot2.0 телеграм-ботында
«ХҚО кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтыру,
бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау
✅ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы
дауыс мәзірінен «кезекті брондауды» таңдау және оператор арқылы ХҚО-ға баратын уақытты белгілеу
✅ egov mobile
қосымшаны жүктеу, авторлану және
«ХҚО-ға кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтыру,
бару күні мен уақытын көрсете отырып, ХҚО мен қызметті таңдау
📲 Sms ХҚО-дағы брондау уақыты туралы хабарлайды
Кеңес: ХҚО-ға брондау уақытынан 5-10 минутқа ерте келіңіз