Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылы дене шынықтыру-сауықтыру комплексінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шахматтан «KARABULAK OPEN 2021» офлайн турнирі өткізілді.
Шараға Тәжіксан Мемлекетінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары мен Алматы облысының аудандарынан 120 адам қатысты. 120 қатысушының 44-і Ескелді ауданының азаматтары.
Турнир «Алматы облысының және Талдықорған қаласының дойбы және шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді.
Турнирде төрешілік етуге арнайы 2019 жылғы Қазақстан чемпионы, гроссмейстер Ибраев Нұрлан және Халықаралық дәрежедегі төреші Ким Сергей шақырылды.
Шахматтан «KARABULAK OPEN 2021» офлайн турнирінде бірінші жүріс Ескелді ауданының әкімі Рустам Алиге берілді. Өңір басшысы қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.
«Жастарымызды шахмат ойыны арқылы стратегиялық жоспарлау тактикасына, сабырлық пен өз күшінің дұрыс бағытта орын алуға дағдылау басты мақсатымыз. Шахмат спорттық ойыны біздің жастарымызға болашақта үлкен серпін сыйлайтыны сөзсіз»,-деді Рустам Али.
Жарыс бір неше деңгей бойынша өтті. 10-14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен ересектер арасында өткізілді.
Жарыс сонында жеңімпаздарға алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.