Есеболатов ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері «Киелі мекен» акциясын бастады. Осы акция аясында облыс,аудан тұрғындары тарихи-мәдени ескерткіш – Кеңес Одағының батыры Н Есеболатовтың ескерткішіне тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акцияның мақсаты – мәдени және тарихи ескерткіштері мен олардың аумақтарының жағдайын жақсарту.
Айта кетейік, облыс,аудан,ауыл тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде атсалысуда. Облыстың,ауданның,
ауылдың түкпір-түкпірінде абаттандыру жұмыстары акция аясында жүргізілетін болады.