Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылықтарын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар:
Портал арқылы Egov.kz:
- Порталда авторизациядан өтіңіз
- Іздеу жолы арқылы “алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу” қызметін табыңыз”
- Қызметті онлайн сұраңыз
- Емхана мен дәрігерді таңдаңыз
- Мекен-жайы мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз
- ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз
- Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады.
Телеграм бот арқылы @Kenes1414Bot:
- Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз
- Телеграм ботты іске қосыңыз, “қызметтер” ашыңыз”
- “Денсаулық сақтау” таңдаңыз, “мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу” батырмасын басыңыз”
- Қызметті кімге қабылдайтыныңызды көрсетіңіз (өзіңізге / балаға)
- Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз
- Әрі қарай, бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды
- Растау кодын енгізіңіз
- Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.
Емхана арқылы:
Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз.
Қызмет көрсету мерзімі-1 жұмыс күні.
Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан кетесіз.