
Ұлт көшбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін жыл сайынғы халыққа жолдауын жариялады. Ел Президенті өз жолдауында азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, береке-бірлікте болу керектігін баса айтты. Қазіргі кезеңде ұлтарылық татулықты сақтап, ел ішінде алауыздық тудырмау басты мақсатымыз деді. Бір сәттік танымылдықты көздейтін тамырсыз идеялар көбеюде. Сол себепті жастарға тәлім-тәрбие беруде, ұлттық рухты бойларына сіңіру жлолында ұлт зиялыларының алар орны ерекше екенін айтып өтті. Жолдау еліміздің өркендеп дамуының берік іргетасы болмақ. Мемлекет басшысының алға қойған әрбір мәселесі ел экономикасын ілгерлетіп, мемлекетімізді гүлдендіруге бағытталған. Тың идеяларға толы Жолдау ел болашағының жарқын кепілі. Бүгінгі Жолдауда айтылған идеялар мен бастамалар ауқымды түрде жүзеге асарына сеніміміз мол. Тұғырлы Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Айтбаев Аманкелді Аудандық ардагерлер, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағасы