Еліміз үшін жасалған игі қадам!

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан болатын. Осыған орай ғалымдар қазақ тілінің заңдылықтарына және бүгінгі технология талаптарына жауап бере алатын әліпбидің соңғы нұсқасын дайындап, Елбасы бектіп берді.

Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың сана — сезім көкжиегін кеңейтіп, әлемдік өркениетпен ықпалдасуға, бабаларымыз қолданған әліпбиімізге қайта оралып, жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елге айналуымызға жол ашады. Ендігі міндет «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-демекші жалпы қоғам болып латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшу жұмыстарына белсене қатысып, халқымыздың рухани жаңғыруына үлес қосу.

К.Дәулетбекова,

«Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары, аудандық

мәслихат депутаты, облыстық Саяси кеңес

Бюро мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: