Еліміз үшін тарихтың жаңа бір беті ашылды

Аса маңызды әрі тарихи кезең-кезектен тыс Президенттік сайлау өтіп, ресми түрде сайлаудың қорытындысы шықты. Мемлекеттің болашағына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар Әділетті, Жаңа Қазақстан үшін өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, өз таңдауын жасады. Алдағы жеті жылда жаңа реформалар жүзеге асып, халық игілігі үшін қажетті іс-шаралар мен ауқымды жұмыстар жүргізіліп, мемлекетіміздің даму бағыты айқындалатын болады. Біз болшағымыздың жарқын болатынына сенеміз және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру ісіне ат салысып, елімізді өркендетуге өз үлесімізді қосуға әрдайым дайынбыз.


Рахат Ибраимова,
аудандық мəслихат депутаты, Е.Сиқымов атындағы орта мектеп — интернатының директоры.

Мәліметпен бөлісу: