Еліміз үшін маңызды шара

Еліміз үшін маңызды шараға алғашқылардың қатарында келгендердің бірі — аудандық ардагерлер, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағасы Аманкелді Айтбаев.

Елдегі саяси ақпаратқа қанық жан «Ел болашағы үшін таңдауымды жасауды — азаматтық парызым» деп санайды. Сол себепті сайлау учаскесіне жолдасын, баларын, немересін ерте келген.

өз таңдауын жасаған Аманкелді Айтбаев: «Сайлауға қатысу әр тұрғынның елі үшін жауапкершілікті сезінуін көрсетеді. Елімнің әр шаңырағына береке мен бірлік тілеймін. Бірлігі жарасқан ел әрқашан мықты, болашағы жарқын болады.», — дейді.

Аудан орталығында 3 сайлау учаскесі болса, соның бірі Е.Сихымов мектеп интернатында орналасқан №3 сайлау учаскесінде дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сайлауышылар таңмен таласа келуде.

Мәліметпен бөлісу: