Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев цифрлы жүйені маңыздылығын жақсы түсіне отырып, оның Қазақстанда кең етек жаю үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Халық сандық жүйенің ұтымды тұстарын түсінген сайын цифрлық сауаттылығы артып келеді. Себебі, қазір ақпараттың, технологияның заманы. Әлем алға жылжып адам өмірін оңтайландыру, қазіргі қарбалас, уақыт тапшы заманда адам уақытына сыйластықпен қарап, оны тиімді әрі пайдалы өткізіп, уақытта үнемдеу мақсатында түрлі шаралар атқарылып, халыққа қызмет көрсетуді ыңғайлы ету үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.
Округ әкімі
аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін алу үшін арнайы ноутбук,
принтер картритер, қойылған.
Окугтегі цифралық қолтаңбасы бар мемлекеттік қызметшілер, мекеме қызметкерлері,
ауыл тұрғындары жеке бас куәліктінің
түпнұсқасымен келіп мекенжай анықтамасы,
жылжымайтын мүліктің болуы
немесе болмауы туралы анықтамасын, зейнетақы аударымдары туралы
анықтаманы және т.б. қызмет түрлерін лезде өздері алуда. Бұл ең алдымен адамның уақытын үнемдеп, қағазбастылықтан құтқарып, есіктен,
есікке жүгіруге кеткен алтын уақытты одан да пайдалырақ, адамның рухани, мәдени
өмірін жандандыруға мүмкіндік береді.Ақсу
ауданы әкімдігінің «Жаңалық ауылдық
округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде ауыл
тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – жұртшылыққа
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды
түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау, кеңес беру.
«Электронды үкімет» порталы (еgov.kz) арқылы мемлекеттік қызмет алуды ауданға, қалаға бармай -ақ алуға болатыны жөнінде ауыл халқы қуанып, үйреніп ризашылығын білдіруде.
Ыдырышбаева Гүлмира Қажыкенқызы
Жаңалық ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман- іс жүргізушісі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі