Бірқатар дамыған елдерде «электрондық үкімет»(Е-Халық ақпараттық жүйесі) қазіргі заманғы қоғам мен ашық мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың басты элементтерінің бірі болып табылады. «Электрондық үкімет» азаматтарға мемлекеттік қызметшілермен тікелей өзара іс-қимыл жасамай әлеуметтік маңызды мәселелерге жауаптарды тиімді алуына мүмкіндік береді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік сипаттағы барлық мүмкін болар кедергілерді алып тастайды, сондай-ақ ресми ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін барынша азайтуға септігін тигізеді.
«Электрондық үкімет»-ті құру идеясын Қазақстанда бірінші рет ел Президенті Н.Ә. Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасында көтерді. «Электрондық үкімет»-ті Қазақстанға ендіру мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мерзімдерін қысқартуға, әртүрлі мемлекеттік базаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың қызметін әзірлеу мүмкіндігіне, құрамы бойынша тиімді де оңтайлы мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған цифрландыру құралы. Қазіргі уақытта Қазақстанда «электрондық үкімет» белсенді түрде іске асырылуда және еліміз осы бағытта Азия көшбасшыларының бірі болып табылады. Біздің еліміз «электрондық үкімет»-тің дамуы мен оның ел және қоғамның күнделікті тіршілігіне ендірілуінде әжептәуір табыстарды көрсетуде.
Осы орайда 2019 жылдың 2 сәуір күні Арасан ауылдық округінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің Қапал,Көшкентал, Суықсай ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Бейсеқұлова Ляззат Мұқатайқызы және осы департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Иманғалиева Жадыра Амангелдіқызы қатысты.Жиын барысында Ляззат Мұқатайқызы электронды түрде барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қыр-сырын толық ашып көрсетті. Ауыл тұрғындары мемлекеттік қызмет, көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік қызметке орналасу туралы толық мағлұмат алды.
Арасан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-жүргізушісі,
Арасан БПҰ мүшесі Жатақбаева Сая.