Құрметті жерлестер!
1 наурыз – «Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл. «Нұр Отан» – елдің жетекші саяси күші, көп ұлтты халқымызды топтастыру партиясына айналды. 20 жыл – Ел Президентінің жоспарларына сәйкес жұмылу, серпінді даму жылдары болды. Экономикамыз өркендеуде, білім беру, денсаулық сақтау салалары, әлеуметтік жағдайлар алға басуда. Еліміздегі көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен тірлігі арқасында төрткүл дүниеге танымал болдық, үлгі болдық.
«Бірлік», «Тәуелсіздік» ұран-дарын жастар жалғастыратыны сөзсіз. Алдағы мақсат – «Нұр Отан» партиясының «Әл–ауқатты қоғам: 10 жылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын орындап, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру.
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, туған жеріміз Қазақстанымыз өркендей берсін, көркемдей берсін, алар асуы бұдан да биік болсын!
«Нұр Отан» бастаған, ел қостаған игі істер көп болсын!
О.ИСАНОВА,
зейнеткер, партия ардагері,
«Отан» партиясының
І съезінің делегаты,
Ақсу, Сарқан аудандарының «Құрметті азаматы».