25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Біз, ағайынды кәсіпкерлер, туған жеріміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосып, аудан орталығында «Ағайын» атты отбасылық кәсіпкерлік нысанын аштық. Біздің басты мақсатымыз – тек кәсіп жүргізу емес, елге қызмет ету, халыққа қолайлы жағдай жасау, балаларға қуаныш, жастарға мүмкіндік, үлкендерге демалыс сыйлау.
«Ағайын» дүкенінің бір бөлігінде күнделікті қажетті азық-түлік өнімдері ұсынылса, балалардың шат күлкісі естілетін ойын алаңы, батуттар мен компьютерлік ойындар да келушілердің көңілінен шығуда. Кіреберісте спорт тауарлары орналасқан. Ал екінші қабатта үлкендерге арналған бильярд үстелдері қойылып, демалыс пен көңіл көтеруге мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар, нысанымыздың жанынан фастфуд дүкені ашылып, орталық алаңда гүл сататын дүңгіршек те жұмысын жалғастыруда.

Мұның бәрі – бір күнде жүзеге асқан дүние емес. Бұл – ағайынның бірлігі, ортақ мақсатқа деген сенімі, маңдай тері мен табанды еңбегінің нәтижесі. Біз кәсіпкерлікті дамыта отырып, ауданымыздың ажарын ашуға, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға және туған жеріміздің дамуына үлес қосуға ұмтыламыз.
Республика күні – азат елдің айбынын асқақтатып, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын ұлы мереке. Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әрқайсымыз өз ісімізді адал атқарып, туған жеріміздің өркендеуіне үлес қосуымыз керек деп білеміз.

Біздің бүгінгі қадамымыз – ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы. Алдағы уақытта да кәсібімізді кеңейтіп, жаңа бастамаларға жол ашып, ауданымыздың дамуына өз үлесімізді қоса беруге ниеттіміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Әр шаңыраққа береке, әр отбасына бақ-дәулет, әр кәсіпке өркендеу тілейміз!

Мерейлі Республика күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
«Ағайын» кәсіпкерлік ұжымынан Қайсар Әкімбек
