Көліктік-логистикалық әлеуетті нығайтуда теміржол саласын дамытуға да басымдық беріліп отыр. Ал соңғы жеті жылда 911 шақырым жаңа жол төселді. Бүгінде жаңа 800 шақырым жол салынып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Қолданыстағы 2 мың 600 шақырым теміржол қайта жаңғыртылуда. Ал ұзындығы 836 шақырымды құрайтын «Достық-Мойынты» темір жолы халықаралық көлік дәлізіне жол ашты. Маңызды стратегиялық жоба тасымалдау қарқынын арттырады. Әрі экспорттық тауарларды жеткізу уақыты да қысқарады. Сонымен қатар Алматыда 75 шақырымдық айналма жол іске қосылды. Енді жүк пойыздары Алматы станциясына кірмей, айналма жолмен өте алады. Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар және Бақты – Аягөз бағыттарында құрылыс жалғасып жатыр. Бұл жобаларды келер жылы аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде негізгі бағыттармен көбірек пойыз өтіп, жүк тасымалы арта түседі. Тегтер: #теміржол #жаңғырту жұмыстары #ДостықМойынты #жүк пойызы
