Елбасының бастамасын қолдаймыз

Жуырда И.Исабаев атындағы өнер мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Жиынды аудандық Мәслихат хатшысы Б.Жаңылысұлы жүргізіп отырды. Талқылау барысында аталмыш мекеменің басшысы Д.Есенов «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы Елбасы Жолдауының әр бөлігіне нақты мысалдар келтіре отырып талдау жасады.

Өз кезегінде сөз алған дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Қадиярұлы Жолдауда айтылған жетінші бағыт  Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы жайында тілге тиек етті.

Жиынға қатысушылар Елбасының бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

М.Шындаулет.

Мәліметпен бөлісу: