Елбасына сенеміз

Қазақстан Парламенті Сенатының спикері, бұрынғы Премьер — министр Қасым — Жомарт Тоқаев біздің еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың ел тізгінін сеніп тапсырған сенімді тұлғасы. Қ.Кемелұлының сыртқы саясатта көпжылдық тәжірибесі бар. Он жыл сыртқы істер министрі болып қызмет атқарған. Саясатты жақсы білетін, басқа шет елдермен тығыз қарым қатынас жасай алатынын түсінген халық 9 маусымдағы сайлауда еліміздің болашағы үшін өз таңдауларын жасап, отандастарымыздың 70 пайыздан көбі сенім білдіріп, дауыстарын берді.

Бүгін Елордамызда болашақ Мемлекет басшысын ұлықтау салтанаты өтті. Қ.Тоқаев Отан алдында адал қызмет етуге ант қабылдады. Біз Қ.Кемелұлына сенеміз және қызметіне сәттілік тілейміз.

Ақансері Ұзақов,

Қызылағаш ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы.  

Мәліметпен бөлісу: