Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын халқымыз аса зор ықыласпен қабылдады . Президент өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік алған уақыттан бергі жеткен жетістіктері және әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолында көптеген бағдарламалардың қабылданып, жүзге асырылып жатқанына тоқталды.. Елбасы біздің алдымызда 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеті тұрғанын атап өтіп, 2019-2021 жылдары атқарылатын жұмыстарымызды айқындап берді .
Жолдауда халық табысын өсіру үшін ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру , бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкердің еңбекақысы көбейту, барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшіру, мұғалімдердің мәртебесін көтеру сияқты өзекті мәселерде өз шешімін тапты.
Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзарту, бизнес нысандарын тексеруге мораторийды енгізу, елдегі шағын және орта бизнестің өркен жаюына , халытың жаппай кәсіпкерлікпен айналысуына үлкен мүмкіндік туғызады.
Елімізде Елбасымыздың алдағы қойған міндеттерін орындау үшін барлық алғышарттар , яғни ұлтаралық татулық пен келісім және саяси тұрақтылық қалыптасқан. Ендігі біздің басты міндетіміз Жолдауды жүзеге асыру үшін еңбек ету
К.Дәулетбекова
«Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық
филиалы төрағасыныі бірінші орынбасары,
аудандық мәслихат депутаты