Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев қазақстан халқына үндеу жасып, жаһандық пандемияға ұласқан коронавирустың алдын алу үшін азаматтарды бірігуге шақырды.
Қазіргі таңда мемелекет тарапынан мүмкіндігінше барлық жағдай жасалынып, коронавирус инфекциясының кең көлемде таралмау үшін іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Елбасы үндеуінен
кейін еліміздегі бизнес өкілдері мен жомарт жандар көмекке мұқтаж азаматтарға
жәрдем беруде. Ақсу ауданының белсенді азаматтары,
депутаттық фракция мүшелері, партиялық резевке қатысушылар, бастауыш партия
ұйымының төрағалары жалғызбасты, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған
отбасыларына көмек көрсетуде.
Қазіргідей ел басына қиындық туған сәтте береке-бірлігімізді
сақтап, сабырлық танытып,халқымыздың амандығын , еліміздің тұтастығын сқатау,
алдағы қиындықтарды еңсеру-басты мақсатымыз. Біз бірлігіміздің арқасында осынау
қиын кезеңнен аман өтетінімізге сенемін.
Ырыс пен ынтымақ, береке мен бірліктің нышаны Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы құтты болсын!. Әз Наурыз халықымызға тек жақсылық ала келсін. Ұлысың оң болсын, Ақ мол болсын!.
Р.Ибраймова,
Алматы
облыстық мәслихатының депутаты,
«Шоңай батыр» БПҰ –төрағасы.