1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа парағы ашылған күн. Халқымыздың тәуелсіздік алып, бүгінгі дәрежеге жетуі – Елбасының ерен еңбегінің нәтижесі. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні барша Қазақстан халқының мерейлі мерекесі ретінде аталып өтіледі. «Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырылды. 7-8- сыныптар арасында Елбасымыздың еңбек жолын насихаттау мақсатында «Елдің атын ер шығарар» атты тақырыпта шығарма байқауы ұйымдастырылды. 2-8-сыныптар арасында жас шәкірттерді асқақ рухта тәрбиелеу, оларға рухани бағыт-бағдар беру, оқушылар арасында жас ақындар табу мақсатында «Елім деп соққан жүрегі» атты тақырыпта өлең жазудан байқау ұйымдастырылды. Жоспарға сай іс-шара өз кезегімен жалғасын тапты.
Біздің мақсатымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлы мүдделерді мұрат тұтып, ел игілігі үшін аянбай қызмет еткенін жас ұрпақ бойына сіңіре білу.Елбасы өз сөзінде «Сол жылдары ел тізгіні өзімізге тиген уақытта мен тек халықтың сеніміне сүйендім. Ел сенімі маған күш-қуат берді.Содан бері тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келеміз» дейді. Әр жас ұрпақ осындай дербес елді аяғына тұрғызып, мерейін үстем еткен Елбасына құрмет көрсете білуі керек.
Н.Ә.Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» — деген сөзін әрбір жан жүрегінің терең түкпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Эльмира ӘМІРЕНОВА,
«Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі.