Жуырда ауданымызға ҚР-ның Парламенті сенатының депутаты Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев арнайы іс-сапармен келді.
Іс — сапар барысында сенат депутаты Нұрлан Наурызұлын аудан әкімі Есім Сейілханұлы және аудан әкімінің орынбасары Амандос Ақышұлы бастап, колледждің директоры Сәкен Тоғызбайұлының таныстыруымен Ақсу политехникалық колледжінің ғимаратын және жатақханасын аралап көріп, ондағы оқыту жүйесімен танысып, оң бағасын берді.
Сондай — ақ, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл — ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты тақырыптағы Жолдауын халыққа кеңінен насихаттап түсіндіру керектігін тілге тиек етті.
Өз тілшімізден.