ЕЛ ТІЛЕГІМЕН ҮНДЕСКЕН

Біз осы күндері жай ғана қатарда-ғы ел емеспіз. Үйрене келіп, үйретуге айналған елміз. Билік айтатын, жауласқан елді бітімге шақыратын, бейбіт өмірдің туын тіккен елміз. Осының бәрі – Елбасының дана саясатының, қажыр-қайратының, жалын атқан жігерінің арқасы. Кеңестік дәуірде қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанды Сәкен Сейфуллин жүйткіп бара жатқан экспреске теңеп еді. Бүгін көсегесі көгерген Қазақстан көкке қолын созған ғарыш кемесіне ұқсайды. «Сен жанбасаң лапылдап, мен жанбасам лапылдап, біз жанбасақ лапылдап, аспан қайтіп ашылмақ»,-деп жар салған ұранды танимыз. «Арыстандай айбатты, жолба-рыстай қайратты, мен жастарға сенемін!».

Бүгінгі қиялдан озған шындық білім мен ғылымның ғажайып жетістігінің арнасы екені анық. Ал сол игілікті елімізге әкеліп, кенелтіп отырған ел қамқоры – кемеңгер білім мен ғылым кеңістігін айқара ашып, қазақ жастарының келешегін асқар биікке шығарғалы отыр.

Ел бірлігін, қазақтың отбасының амандығы мен берекесін үнемі ойынан шығармайтын Елбасының аузынан тастамайтын бір даналық сөзі бар: «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос». Мұның өзі данышпан Абайдың өткен ғасырда айтқан өсиеті болғанымен, бүгінде аса қажетті, аса зәру мәселе бо­лып отыр. Президенттің аузы­мен жаңарып, жаңғырып, тың мәнге айналып, маңыз алып отыр. Күнделікті өмірде, ел ішінде түрлі алақұлалықтың болуы заңды ғой.

Елбасының мақсаты мен ойы – сол алалықты мейлінше жойып, бір — біріне жақындатып, бауыр ету. Былайша айтқанда, «Бір — бірін көре алмай келген қазақ болса, енді бір — бірін көрмесе тұра ал­майтын қазаққа айналдыру». Біздің ойымызша, бұдан жоғары, бұдан қасиетті мақсат пен арман жоқ та шығар-ау!

Ж.ҚАЙСАНОВА,

Көшкентал ауылдық округі әкімі аппаратының Жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы, «Nur Otan» БПҰ-ның, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: