Ел көкейіндегі мәселелер қозғалды

Жолдау көпшілік көкейіндегі көп мәселені қозғады. Мемлекет басшысының білім беру саласына байланысты айтқан ой-пікірлері өте ұнады. Мектеп ұстаздарына барынша жағдай жасалынып, жалақылары артуда. Педагогтардың мәртебесі артып, осы мамандықта оқуға ниетті студенттерге талап күшейді. Жаңа технологияларға негізделген заманауи даму үлгілерінен Қазақстан жастары қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймын. Еліміздің бүгінгі және болашақтағы дамуының басым бағыттарын айқындап берген бұл жолдау көпшіліктің көкейінен шықты деп ойлаймын.

Жамантаева Жанар ҮпіқызыН.Есеболатов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі

Мәліметпен бөлісу: